20 Жел 2017 ж.
Тәуелсіздік күніТәуелсіздік күні дүние жүзінде мемлекеттіліктің негізін білдіретін ең маңызды мерекелердің бірі ретінде тойланады. Жыл сайын желтоқсанда Қазақстанның көпұлтты халқы бұл басты мерекені салтанатты түрде атап өтеді.
12-14желтоқсанда бөбекжай - бақшада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналған ертеңгіліктер болып өтті. Ересектер топтарының балалары бұрынғы өткен заманда мейірімсіз жаулармен ерлене күрескен біздің ата - бабаларымыздың батырлығы мен батылдығын көрсететін, қазақ батырлары туралы тарихты әңгімелейтін «Қанатты барыс» атты қазақ аңызынан қойылым көрсетті.
Балалар Қазақстан және оның рәміздері мен салт дәстүрлері туралы тақпақтарды жатқа айтып, ән салды, би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Мұнндай шаралар балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге , мемлекетке құрметпен қарауға ,өз Отанының тағдырына ортақтастық сезімінің дамуына ықпал етіп көмектеседі.