ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

6 Ақп 2018 ж.

Балаларды музыка тыңдауға үйретеміз

30 қаңтарда «Мирас» бөбекжай – бақшасының ортаңғы топтар тәрбиеленушілері ата - аналары үшін музыка жетекшісі Мамбетова А.О. «Балаларды музыка тыңдауға үйретеміз» деген тақырыпта кеңес өткізді. Педагог міндеті балалар тәрбиесінде музыка өнерінің мәні қандай  екені туралы ата - аналарға түсінікті етіп айтып беру еді. Практикалық бөлім барысында ата - аналар өз беттерінше тапсырмаларды орындап, түрлі ойындар ойнады. Ата - аналар мен педагогтың осындай қарым - қатынасының  арқасында сенімді қатынастар орнап, ата - аналар балаларға арналған кітаптарды, ойындарды таңдауға сауатты түрде қарайды, педагогтың ұсыныстарын орындауға талпынады. Ата - аналар өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алды.