Жаңалықтар
17 Мам 2018 ж.
Жеті Өнер
8 және 9 мамырларда Алматыда «Жеті өнер» атты Халықаралық балалар және жастар шығармашылық фестиваль - конкурсы болып өтті. Конкурс жеті номинация бойынша болды. «Нұрсұлтан Назарбаев білім Қоры» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері «Хореография» номинациясы бойынша қатысты. Балалар хореографы Г.Б. Утаралиеваның басқаруымен фестивалде «Қансонар», «Алмас қылыш» халық билері және «Однажды в детском саду» эстрадалық биі көрсетілді. Фестиваль қорытындылары бойынша біздің тәрбиеленушілер екі Гран-при және бір бірінші орынды иеленді. Біздің кішкентай жеңімпаздарды үлкен жеңістерімен құттықтаймыз.