Жаңалықтар
24 Мау 2018 ж.
Денсаулық аптасы
Маусымның 18- і мен 22- сі аралығында «Мирас» бөбекжай - бақшасында денсаулық аптасы болып өтті. Апта ішінде балаларға арналған салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, өз денсаулығын күте білуге бағытталған шаралар өткізілді. Педагогтар балаларды әртүрлі спорт түрлерімен, денсаулықты нығайту тәсілдерімен таныстырды, балаларға арналған тақырыптық бейнероликтер көруді ұйымдастырды. Апта таза ауада кедергілерді жеңіп өтетін сиқырлы теңіз саяхатымен аяқталды.