ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

27 Там 2019 ж.

Шебер сынып

29 тамызда «Мирас» бөбекжай - бақшасының негізінде, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы курсының тыңдаушылары үшін «STEAM-мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметіндегі білім» тақырыбында шебер сынып өтті. Бөбекжай - бақша педагогтары LEGO-құрастыру технологиясының мектепке дейінгі балаларда қолдану тәжірибесімен бөлісті. Балалардың табиғи қызығушылығын арттыруға, қалауы бойынша құрастыруға, жаратылыстану ғылым әлемін зерттеу және үйренуге, технология, құрастыру, өнер және математика саласын байытуға ықпал ететін, «Duplo математикалық пойызы», «Duplo жинағы», «Steam планетасы», «Алғашқы механизмдер», «Менің алғашқы тарихым» конструкторларымен жұмыс істеу технологиясы ұсынылды. Мастер-класс қатысушылары әр педагогтың қызықты олжаларын атап өтіп, алдағы кездесулерге және «Мирас» бөбекжай - бақшасының жұмыс тәжірибесімен танысуға үміт білдірді.