ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

3 Нау 2023 ж.

Ура, жеңіс!

2023 жылдың 28 ақпан – 1 наурыз аралығында «Мирас» бөбекжай- бақшасының тәрбиеленушілері «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен облыстық спорттық-зияткерлік олимпиадаға қатысты. Атырау облысы білім басқармасы, «Атырау облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы»  ұйымдастырған жарысқа 8 команда қатысты. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда ойынның 1/8 финалында Құрманғазы ауданының командасымен жарысты. Бұл ойында «Мирас» командасы жеңіске жетті. 1/4 финалдық ойын Махамбет ауданының командасымен өтті, біздің спортшылар жеңісті қолдан бермеді.

Финалда олар Исатай ауданының спорттық командасымен күш сынасты. Жеңіс үшін күрес ең қызу және күрделі болды.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің балалар 1 орынға ие болып, олимпиаданың бас кубогын жеңіп алды. Керемет нәтиже көрсеткен «Мирас» командасын құттықтаймыз. Барлық командаларда жақсы дайындалып, жеңіске жетуге дайын болды