ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

1 Нау 2023 ж.

«Мирас» командасының жеңісі

        Ақпан айында 52 мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері арасында спорттық-зияткерлік олимпиадаға 4 іріктеу турнирі өткізілді. Бұл турнир қалалық жарыстарға қатысатын мықты командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Турнирлердің қорытындысы бойынша қалалық спорттық-зияткерлік олимпиадаға 4 команда жолдама алды, оның ішінде «Мирас» бөбекжай - бақшасының командасы да қатысты.

         2023 жылдың 25 ақпан айында «Болашаққа-білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен қалалық спорттық-зияткерлік олимпиада өтті. Сайыс қорытындысы бойынша «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері жеңіске жетіп, спорттық-зияткерлік олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Баршаңызды құттықтаймыз және облыстық кезеңде жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз!