ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

2 Мау 2023 ж.

TEACHER OF THE YEAR» сайысы

 «NNEF» Қоғамдық қорының мектеп және бөбекжай - бақша педагогтары арасында жыл сайынғы «TEACHER OF THE YEAR» кәсіби байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау келесі мақсаттарда өткізілді:

- Қор педагогтарының кәсіби қызметін ынталандыру және мадақтау;

- дарынды педагогтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және мадақтау, педагогикалық шығармашылығын ынталандыру;

- оқушылардың жоғары оқу жетістіктеріне бағытталған педагогтардың инновациялық тәжірибесін, олардың кәсіби құзыреттілігін анықтау.

Бұл байқауға Атырау қаласындағы «Мирас» бөбекжай - бақшасының педагогтары қатысып, «NNEF» Қоғамдық қорының Сертификаттарымен марапатталды. Ал байқау жеңімпаздары тәрбиешілер Изгалиева Мереке Әділбекқызы мен Хаджиева Миргүл Мұратқызы Дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Педагогтарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!