ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

3 Қар 2023 ж.

Республикалық мектепке дейінгі педагогтар форумы

3 қараша күні Атырау қаласында «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі  тәрбие  мен оқытудың перспективалары» атты республикалық мектепке дейінгі педагогтар форумы өтті.

Форумды салтанатты түрде ашқан «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері ұстаздардың мерекелік көңіл-күйін қолдап, шабыттандырды.

Форумның басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын талқылау және мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының білімін жаңарту. Форумға облыс пен республикадан 300-ден астам педагог қатысты. Форум педагогтардың пікір алмасып, барлық сұрақтарына жауап алатын пікірталас алаңына айналды. «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Э. Ж Шалтакова және И.Н. Канкомовада шығармашылық жұмыстарымен  бөлісті. Көрмеде педагог Т. Ж. Жарбусынова тәрбиеленушілерімен бірге жеңіл техника бойынша өз жобаларын ұсынды.

Форум марапаттау рәсімімен жалғасты. Бөбекжай-бақша тәрбиешілері Атырау облысы білім Басқармасының Әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.