ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

5 Сәу 2024 ж.

Наурыз мерамы 2024

Наурыз – жылулық, қуаныш пен мейірімділік мерекесі. «Мирас» бөбекжай- бақшасында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтілді. Бақшамыздағы Наурыз мейрамы тек көңіл көтеру ғана емес, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік берді. Кіші топ балалары қазақ халқының «Бесікке салу», «Тұсау кесу»  салт-дәстүрлерін қызығушылықпен тамашалады.

Ал, мектепалды топтарының ата-аналары балаларына қолдау көрсету үшін мерекеге белсене қатысты. Мерекеде ата-аналар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап қана қоймай, қолданбалы өнердің дәстүрлі түрі – киіз басуды меңгерді. Бұл мереке біздің жүрегімізді жылулық пен нұрға толтырып, достық пен келісімнің маңыздылығын еске салды.