ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

12 Сәу 2024 ж.

«Үздік ойын картотекасы» педагогтар байқауы

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ойын негізгі дағдылар мен білімдерді дамытып қана қоймайды, сонымен қатар баланың жеке басының жан-жақты дамуына ықпал етеді.

    Атырау облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мектепке дейінгі мекемелерде ойын ортасын байыту және педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында облыстық байқау ұйымдастырып, өткізді. Байқау қорытындысы бойынша «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Саламатова Гүлдана Өмірбекқызы I орынға ие болды.

     Сондай-ақ, әр баланың мүмкіндігін барынша арттырып, оның уақытын жарқын әрі қызықты өткізу үшін осы картотекадағы  ойындар біздің бөбекжай-бақшамыздың  тәжірибесіне енгізілгенін атап өтеміз. Педагогты құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық жеңістер тілейміз!