Жаңалықтар
24 Қаз 2024 ж.
Республика күні
Әр адам үшін немесе оның жақындары үшін үлкен маңызы бар жеке мерекелер бар, сонымен қатар Республика көлемінде тойланатын ұлттық мерекелерде бар. Олар сол жерде тұратын және оның тарихын бейнелейтін әрбір адам үшін үлкен аса маңызды. 25 қазан – Қазақстан Республикасы күні. «Мирас» бөбекжай-бақшасында Республика күніне орай «Мен Отанымның бақытты ұлымын!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында әндер, өлеңдер, ойындар мен би композициялары арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, оның жетістіктеріне деген мақтаныш және жарқын болашаққа деген сенім бейнеленді. Біз өз елінің маңызын және оның бай мәдениетін түсінетін жас ұрпақты тәрбиелеп жатқанымызды мақтан етеміз