20 Жел 2024 ж.
«Өнеріміз саған - Қазақстан!» республикалық фестиваліМектепке дейінгі ұйымдар арасында «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты республикалық фестивалі өткізілді.
Фестиваль мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық өнер құралдары арқылы халық шығармашылығының түрлерімен таныстыру.
Аталған байқауға «Мирас» бөбекжай – бақшасының тәрбиеленушісі Напиева Адель, «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша қалалық және аудандық кезеңде жүлделі I орынды иеленді.
Адельді және жетекшісі Суюншкалиева Зухра Мураткалиевнаны кезекті жеңісімен құттықтаймыз!