3 Ақп 2025 ж.
Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған шығармашылық кеш!Қазақ киносының нағыз жұлдызы, режиссер әрі актер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл! Осы атаулы күнге орай «Мирас» бөбекжай-бақшасының педагогтары ерекше киноконцерт ұйымдастырды. Шығармашылық атмосферада өткен бұл шарада Ш. Аймановтың әйгілі туындылары көрсетіліп, оның өнерінің терең мағынасы мен ұлттық рухты сақтаудағы атқарған рөліне тағы да баға беруге мүмкіндік берді.