4 Ақп 2025 ж.
Ата-аналарға арналған конференция29-30 қаңтарда «Мирас» бөбекжай-бақшасында І семестрдің қорытындысы бойынша ата-аналарға арналған конференция өтті. Біз балалардың жетістіктерін талқылап, әрі қарай даму үшін негізгі бағыттарды анықтадық. Бұл кездесулер — ата-аналарға өз балаларының жетістіктері туралы білуге, сұрақтар қоюға және білім беру процесін жақсарту үшін ұсыныстар енгізуге тамаша мүмкіндік. Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары және балаларымыздың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!