20 Нау 2025 ж.
Педагогикалық оқулар 20252025 жылдың 21 ақпанында «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің қалалық педагогикалық оқулары өтті.
«Түзету педагогикасы, әлеуметтік педагогтер, психологтар» секциясы бойынша «Мирас» бөбекжай-бақшасының логопед маманы Муслимова Мөлдір Есенгелдіқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету тәсілі ретінде авторлық логопедиялық ертегілерді қолдану» тақырыбындағы шығармашылық жұмысын сәтті қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша Мөлдір Есенгелдіқызы жүлделі I орынды иеленді. Педагогті шын жүректен құттықтаймыз және алдағы облыстық кезеңде жеңіс тілейміз!