3 Мау 2025 ж.
Кішкентай зерттеушілер — үлкен жетістіктер!2025 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институтының» ұйымдастыруымен республикалық «Мен зерттеушімін» байқауы өтті.
«Мирас» бөбекжай- бақшасының тәрбиеленушілері бұл байқауда тамаша нәтиже көрсетті:
Тәрбиеші Кулманова Р.Н.-ның жетекшілігімен мектепалды тобының тәрбиеленушілері «Тәтті шоколад: пайдалы ма, зиян ба?» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынып, қалалық кезеңде ІІ орын иеленді.
Тәрбиеші Аустниязова А.С.-ның жетекшілігімен ересек топтың тәрбиеленушілері «Сиқырлы айна» атты зерттеу жобасын ұсынып, қалалық және облыстық кезеңдерде І орын, ал республикалық кезеңде «Креативті жұмыс» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Біз дарынды бүлдіршіндерімізбен мақтанамыз!
✨ Кішкентай қадамдар — үлкен жаңалықтарға бастайды!