3 Мау 2025 ж.
«Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауы«Балаларды ерте дамыту институтының» 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауы өткізілді. Аталған байқауға «Мирас» бөбекжай-бақшасының бишілер тобы қатысты. Олар қалалық және облыстық кезеңдерде жүлделі I орынды иеленді, ал республикалық кезеңде «Үздік костюм» номинациясына ие болды. Бұл жетістік – балалардың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ педагог Шуреева Л.М. шығармашылық жетекшілігінің нәтижесі. Біз балаларымыздың өнердегі табыстарына мақтанамыз және олардың әрі қарай дамуына шын жүректен тілектеспіз!