1 Қаң 1970 ж.
Медициналық қызмет1. Бөбекжай-бақшада бала дәрігері, аға медбике, медбике, ЕДТ және уқалау бойынша медбике, диетолог мейірбике жұмыс істейді.
Дәрігер бөбекжай- бақшаға келіп кететін барлық балаларға апта сайынғы тексеруді, жаңадан келген балаларды мұқият тексеруді, сырқаттан кейінгі балаларды міндетті тексеруді жүзеге асырады. Дәрігердің басшылығымен балаларды шынықтыру және сырқаттардың алдын алуға бағытталған сауықтыру-шынықтыру шаралары, уқалау, ауамен шынықтыру шаралары, тыныс алу жаттығулары, дене тәрбиесі сабақтары, денсаулық жолақшалары және т.б. іске асырылады.