2 Қаз 2015 ж.
Ата-аналар жиналыстарыҮстіміздегі жылдың 28 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында «Мирас» балабақшасында жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыста мынадай келелі сұрақтар көтерілді: 2014-2015 оқу жылына тәрбиелеу-білім беру жұмыстарының қорытындысының шығарылуы, «Мирас» кіріктірілген бағдарламасы бойынша тәрбиелеу-білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, медициналық-шынықтыру жұмыстарының қорытындылары, ата-аналарға арналған ережелермен таныстыру, балабақшаның жалпы ұйымдасты-рушылық жұмыстары бойынша сұрақтар. Сонымен қатар, жиналысқа ТШО компаниясының өкілі ретінде әлеуметтік қатынастар тобының менеджері Сыдыкова Е.Ж. қатысып, ол да ата аналардың сұрақтарына жауап беріп отырды. Ата-аналармен кездесу ашық диалог түрінде өткізіліп, оның барысында ата-аналар өздерін қызықтырған әрі мазалаған сұрақтарына жауаптар мен ақпараттар алды.