18 Қар 2015 ж.
«Мен өлеңді сүйемін» көркем сөз сайысы17-18 қараша күні балабақшада ересек және ортаңғы топтар арасында «Мен өлеңді сүйемін» көркем сөз сайысы өтті.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру барысында ата-аналарын балабақшаның өміріне белсенді қатысуға тарту болды. Әрбір қатысушы «Балабақша», «Менің Отаным Қазақстан», «Ойыншықтар», «Әдептілік әліппесі», «Жануарлар әлемі», «Жыл мезгілдері» тақырыптары бойынша өлең ұсынды.
Сайысқа дайындық ата-аналардың қатысуымен өтті: қажетт костюмдерді тігу, атрибуттарды, материал слайдтарын дайындау ата-аналар тарапынан орындалды.
Қазылар алқасы құрамына балабақша педагогтары мен РТА (шараларды қолдау бойынша комитеті) өкілдері кірді. Байқау соңында үздіктерді таңдау қазылар алқасы үшін оңай болған жоқ. Қазылар алқасы көркем сөз оқуды бағалау барысында негізгі компоненттерді басшылыққа ала отырып, мәнерлеп оқуына, дауыс ырғағына, тыныс белгілеріне мән беруіне, сахналық тұрысына, мимикасына көңіл бөлді. Байқау барысындағы үзіліс кезеңдерінде балабақшаның кіші топ тәрбиеленушілері де ән салып, көрермендерді қуантты. Нәтижесінде, қазылар алқасы бес номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Байқауға қатысушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.