25 Қар 2015 ж.
Ашық есік күні25 қараша күні ересек және ортаңғы топтардың тәрбиеленушілерінің ата-аналары үшін балабақшада «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл күні ата-аналардың сабақтарға қатысып, пән мамандарынан (психологтан, логопедтен) кеңес алуы және балабақша әкімшілігінен балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты кез келген сұрақтарға жауап алуы мүмкін болды. Бұл шара ата-аналарда үлкен қызығушылықпен және көптеген оңтайлы пікірлер туғызды.