27 Қар 2015 ж.
Денсаулық күні«Денсаулық күні» спорттық мерекесін балалар да, үлкендер өте жақсы көреді. Емін-еркін жүгіріп, секіріп көңіл көтерген қандай жақсы! Біздің балабақшада 27 қараша күні спорттық мереке өткізілді. Балаларға арналған қызықты эстафеталар ұйымдастырылды. Жарыс түрлері әр қатысушының өз күшін, ептілігін, жылдамдығын, дәлдігін және зеректігін көрсете алатындай болып ойластырылған.
«Денсаулық күнінің» барлық кішкентай қатысушыларына естелік марапаттаулар берілді. Міне, біздің денсаулық күні осылайша көңілді, белсенді әрі аздаған у-шуымен есте қалардай болды. Біз де тәрбиеленушілеріміздің денсаулығы әрдайым мықты болады деген сенімдеміз.