30 Жел 2015 ж.
Жаңа жылдық ертеңгіліктерЖаңа жыл-ең әдемі, ашық, жарқын да қызықты мереке. Бұл мерекеде бір сиқыр мен жұмбақ бардай. Желтоқсанның 22-сі мен 30-ы аралығында балабақша тәрбиеленушілеріне арналған жаңажылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Бұл-тек балалар мерекесі ғана емес, үлкендерді де еліктіретін, таңқалдыратын шара. Әрине, Аяз атасыз Жаңа жылдың сәні бола ма? Ал, Аяз атамен кездесу-әрбір сәби үшін ұмытылмас есте қалар оқиға ғой. Балалар Аяз ата, Ақшақар тағы басқа көптеген кейіпкерлермен жүздесіп, көңілдерін көтерді, ұшан-теңіз қуанышқа бөленді. Балалар аса зор ынтамен тақпақтарын айтып, билеп, шыршаны айнала ән салып, ойындар ойнау арқылы өз өнерлерін көрсетті. Бірақ ең басты қуаныш пен қызық Аяз атаның өз қолынан жаңажылдық сыйлықтар алу болды. Өз сәбилерінің жүзінен шынайы риясыз шаттықты көрген ата-аналардың өздері де бір сәтке балаларға айналғандай. Осылайша мереке көңілді әрі ғажайып әсер сыйлады.