8 Қаң 2016 ж.
Педагогтарға арналған кеңес «Зерттейміз, танимыз, жасаймыз»8 қаңтарда педагогтарға арналған «Зерттейміз, танимыз, жасаймыз» кеңесі өтті. Кеңестің мақсаты педагогтарды мектеп жасына дейінгі балаларда тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен таныстыру еді. Білім беру үдерісі кезінде ұйымдастырылған эксперименттік іс-әрекеті жаратылыстану ғылыми құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беріп, бастапқы зерттеу дағдыларын дамытады. Осыған орай педагогта мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекеті туралы түсінігі болуы, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етуі қажет.