29 Ақп 2016 ж.
Ең үздік постерлерді безендіру сайсыПостерлерді көркем безендіру бойынша белсенді шығармашылық іс-әрекетте топ ұжымының күш жігерін біріктіру, ең жақсы топ постерлерін насихаттау мақсатында балабақшада постерлерді ең жақсы безендіруге сайыс өтті. Конкурс бір ай бойы өтті. Постерлерді бағалаудың негізгі өлшемдеріне материалдың тазмұны,зерттеу тақырыбына сәйкестігі, безендірудің эстетикалық талаптарға сәйкестігі, материалдың сапасы мен әртүрлілігі, шығармашылық тәсілдемесі, ойлануды жүзеге асырудың біртумалылығы кірді. 1, 2, 3 орынды иеленген жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.