ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

5 Нау 2016 ж.

Аналар мерекесі

Қыстың аязды да суық ұзақ күндерінен кейін Жер анаға мейірімі мен шуағын шашқан күн сәулесімен көктем де келіп жетті. Осынау керемет өзгеріспен келетін жыл мезгілінің беташары-асыл аналар мерекесінен бастау алады.Сондықтан өмірдегі ең аяулы да қадірлі жандар үшін ерекше бір нәрсе жасауды кім қаламайды? Біздің де балабақшада Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өтті. Тіпті ең кішкентай бөбектер көктем мен аналар туралы тақпақ жаттап, ән салып, аналары мен әжелеріне арнап ашық хаттар мен қолдан жасалған бұйымдар дайындады.

Балдырғандар бұл мерекені асыға күтті, бұл күтулері де бекер емес, себебі осы ғажайып күнге педагогтармен бірге қаншама еңбектері мен уақыттары кеткен еді. Ортаңғы топ балалары жаңа үлгіде «Қызыл телпек» ертегісін дайындады. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерімен және қызықты номерлерімен көрермендерді таңқалдырды.

Ересек топтардың ертеңгіліктері «Күлтеқыз» ертегісі бойынша мюзикл түрінде өтті. Балалар өздерінің актерлік шеберліктері мен таланттарын көрсете білді. Олар өздерінің тосын билері және әндерімен көрермен қонақтарға көктемгі көтеріңкі көңіл-күй мен шаттық сезім сыйлады. Міне, осылайша Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер ашық та жарқын күйде өтті.