19 Нау 2016 ж.
Қазақтың ұлттық ойындары18-19 наурыз күндері Наурыз мерекесін мерекелелеу аясында және қазақ халқының мәдени мұраларын насихаттау мақсатында ортаңғы топтар арасында ата-аналардың қатысуымен «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты отбасылық спорттық жарыстар болып өтті. Жарыс ұлттық ойындардан тұрды. Командалар өздерінің күшін,тапқырлығын, ептілігін, дәлдіктерін және жеңуге деген ұмтылыстарын көрсетті. Осынау спорт күні ата-аналар мен олардың балалары нағыз спорттық және тату отбасы дегеннің не екенін сезінгендей болды. Әркім де жеңіске жетті деуге болады.Жарысқа қатысушыларға марапаттаулар, ал ата-аналарға алғыс хаттар тапсырылды.