19 Сәу 2016 ж.
«Ашық есік күні»Біздің балабақшада 19 сәуір күні ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілерінің ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» болып өтті. Ата-аналар балалардың білімдік іс-әрекетімен, режимдік сәттердің ұйымдастырылуымен таныса алды. Олар балалардың оқу жылы бойы алған білімдерін, дағдылары мен біліктерін көрді. Ашық есік күндерін өткізу біздің балабақшаның ата-аналар үшін неғұрлым ашық болып тұруына қол жеткізеді.