5 Мам 2016 ж.
«Менің анам-спортсүйгіш»4-5 мамыр күндері «Менің анам - спортсүйгіш» деген атпен спорттық жарыстар өткізілді. Бұл жарысқа 2 кіші топ тәрбиеленушілері аналарымен бірге қатысты. Тәрбиеленушілердің аналары спорттық ойындарға көңілді әрі думандаса қатысып, өздерінің спорттық қабілеттіліктерін ептілікпен көрсете білді. Ал, балалар аналарының жарысына қызыға қарап, олардың жеңісіне бар көңілдерімен қуанып отырды. Бұл сондай тамаша сәттер еді! Мерекені дайындаған педагогтарға,жарысқа қатысқан аналарға зор алғысымызды білдіреміз.