31 Мам 2016 ж.
ҚоштасуМамыр айының 26-31 аралығында балабақшадағы ересек топтарда соңғы қорытынды ертеңгіліктер болып өтті. Бұл әрбір баланың өмірінде маңызды және қызықты уақыты болып табылады! Балалық шақтың ең жақсы естеліктері осындай кезеңдер арқылы есте сақталып қалады! Балабақшаның өткен жылғы түлектері қонаққа келіп, өнер көрсетті. Кейбірі жылдам-ақ қоштасып барамыз деген ойда, көздерінде мөлдіреген жас тамшылары тұрды. Бірақ балалар өздерінің балабақшаларындағы қимас досындай болып кеткен тәрбиешілеріне міндетті түрде келіп, мектептегі жетістіктерімен бөлісіп, айтып отырады. Бұл балалар өздерін мұнда әрқашан қуана қарсы алатынын өте жақсы біледі. Біздің бүгінгі түлектеріміз музыкант, оқымысты, бизнесмен, инженер немесе дәрігер ме? кім болатынын алдағы уақыт көрсетеді. Бүгін олар болашақтың кезекті баспалдағына өздерімен бірге «Мирастағылардың» шын жүрекпен берілген жылулықтарын ала отырып, қадам басты! Әрине, балаларға алғашқы дипломдары да берілді. Ал мерекенің соңында барлығы бірге далаға шығып, арман, тілектерін тілей отырып, шарларды аспанға ұшырды.