8 Шіл 2016 ж.
РТА-мен ынтымақтастықБаланы балабақшаға жібере отырып, ата-аналар көптеген мәселерге алаңдайды. Оларды толғандыратын сұрақтардың бірі-тамақтанудың ұйымдастырылуы себебі, дұрыс тамақтану баланың денсаулығы ғана емес, оның эмоционалдық көңіл-күйіне де әсер етеді. 2016 жылдың 8 маусымында балабақшаға РТА өкілдері шақырылды. Олардың келу мақсаты: жақ мезгілінде балабақшада тамақтанудың ұйымдастырылуымен танысу. Келіп-кету барысында ата-аналар балабақшаның ас әзірлейтін бөлімінде болды, олар топтарда екінші таңғы астың берілуі мен қабылдауын бақылады. Сонымен қатар, тамақтанудың ұйымдастырылуын жүзеге асыратын СанПинге сәйкес, балалардың тамақтану рационының құрастырылу ерекшеліктерімен танысты. Балабақша директоры жазғы шынықтыру кезеңінде балалар үшін жасалған жағдайлармен таныстырды. Бұл кездесу қызықты әрі екі жаққа да пайдалы болды, РТА өкілдері өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алды.