23 Қыр 2016 ж.
Тілдер мерекесіБіздің елімізде 85-тен аса ұлттар мен халық өкілдері тұрады. Әр тілдің басқа тілдер тарихымен байланысты өз тарихы, өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бірін-бірі табады және басқа халықтың рухани мәдениеті, салты мен дәстүрін түсінуге үйренеді. Кең байтақ Қазақстанның тұрғындарымен бірге «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесін біздің балабақша тәрбиеленушілері де жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Біртұтас тату шаңырақ астында біздің балабақшаның көпұлтты отбасы жиналып қалды. Мереке «Полиглот» жарыс-викторина түрінде өтті. Әр түрлі халықтардың ойындарын ойнау, Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың тілінде амандасу сондай қызықты болды. Жарыс барысында балалар қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде өз білімдері мен таланттарын көрсетті. Олар ән салып,өлең оқып, мақал-мәтелдер айтып жарысты.