ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

5 Жел 2016 ж.

Ашық есік күні

Әрбір ата - ана өз баласының балабақшада немен айналысатынын, оның күні қалай өтетіндігін білгісі келеді. Сол себепті, біздің балабақшада ата - аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Бұл күні балабақша ата - аналары өз балаларын режимдік сәттерде: ойындарда, сабақтарда көрді, педагогтардың шеберлігі мен олардың балалармен жұмыс түрлерінің әртүрлілігін бағалады. Ата - аналар мен тәрбиешілер бір - бірімен араласа отырып, баланың әр күнін қуанышты да қызықты етіп өткізу туралы жаңа ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, балабақшаның күнделікті жұмысында өз жалғасын табады деген сенімдері мен үміттерін білдірді.