1 Мау 2017 ж.
«Қош бол, балабақша!»Міне, балалық шақтың мектепке дейінгі уайымсыз жайбарақат күндері де зымырап өтіп кетті. Балалардың сүйікті балабақшасымен де қош айтысар кезі келді. «Мирас» балабақшасында мамырдың 23-інен бастап 26-сына дейін ересек топтар тәрбиеленушілеріне арналған балабақшаны бітіру ертеңгіліктері болып өтті. Біз өз балдырғандарымызды мектепке шығарып салдық. Алда оларды көптеген жаңалықтар, еліктіретін қызықтар күтіп тұр, бірақ олар қоштасу мерекесін көпке дейін есте сақтап қалатындары сөзсіз.