ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

25 Қыр 2017 ж.

Тілдер күні

Тіл адамның айнала қоршаған әлемді және өз сезімдерін қабылдауын білдіретін құрал, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым - қатынастың құралы болып саналады. Әрбір тіл өзінше ғажап. Жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында барлық тілдерді сақтауға, қорғауға және мадақтауға бағытталған әртүрлі шаралар өткізіледі. 22 қыркүйекте біздің бөбекжай - бақшада да Қазақстанда өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдерінің тілдеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді мақсат еткен ерекше жарқын мереке болып өтті.

Мерекеде балалар Қазақстан, Ресей, Англия елдерін көрсетті. Қатысушылардың назарына тосынсыйларға толы ойындар, әндер және билер ұсынылды. Көңілді орыс биі, «Пых» ертегісінің сахналануы, қазақша мағыналы қойылым, «Rain, rain go away…» ағылшын биі, ағылшын тілінде дайындалған «Интервью» - бұның барлығы тәрбиеленушілердің есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Балалар көптеген жаңа әрі қызықты мағлұматтарды білді.