22 Қыр 2017 ж.
Спорт - бұл күш әрі денсаулықСпорт - күш пен денсаулықты көрсететін негізгі қайнар көз, спорт батылдықты, табандылықты дамытады, тәртіпке, ұжымшылдық сезіміне дағдыландырады, ал ең бастысы мақсатқа жетуде ерік - жігер береді.
Ата - аналармен бірге ересек топтарда «Спорт - бұл күш әрі денсаулық» атты дене шынықтыру шарасы өтті. Ата - аналар мен балалар әртүрлі эстафеталар мен қимылды ойындарға белсене қатысты. Олар жылдамдықты, ептілікті, алғырлықты және командада жұмыс істеу дағдысын көрсете жарысты. Спорттық екпін және өз командасы үшін жеңіске жету балалар мен ата - аналарды еліктіргені соншама, олар тіпті айналасында ештеңені байқамады. Барлығы бар күштерімен мәреге бірінші жетуге тырысты.
Дене шынықтыру ойын - сауығы нағыз спорт пен денсаулық мерекесі болды.
«Спорт - бұл күш әрі денсаулық» мерекес мерекесіне қатыса отырып, біз өзімізді үлкен бір отбасыдай сезіндік! Мереке еліктірердей әрі қызықты болды, керемет көңіл - күй мен әсерлер қалдырды.