Молкалориялы және үйлестірілген тағам тұтынушылар құқығын қорғау бойынша Атырау қалалық басқармасымен бекітілген онкүндік перспективті ас мәзіріне сәйкес ұйымдастырылған. Ас мәзірі балалардың жас ерекшеліктерін және азық-түліктің маусымдылығын есепке ала отырып өңделеді және баланың өскелең ағзасына қажетті компоненттермен- ақуыздармен, көмірсулармен, дәрумендермен және минералды заттармен тиісті мөлшерде қамтамасыз етеді.
Алынған азық-түліктің сапасына, оларды сақтаудың шарттарына және күнделікті астың дайындалуына күнделікті бақылауды дәмбике, ай сайын бақылауды балабақша әкімшілігі, тоқсан сайын бақылауды ата-аналар мен педагогтар Қауымдастығы жүзеге асырады.