6 Мау 2018 ж.
Балаларды мектепке шығарып салуАтырау қаласы «Мирас» бөбекжай-бақшасында мамырдың 28- і мен 30-ы аралығында ересектер топтарында түлектер ертеңгіліктері болып өтті. Биылғы жылы бөбекжай-бақша 84 баланы мектепке шығарып салды.
Алда оларды көптеген қызықтар, жаңалықтар, тартымды да әсерлі нәрселер күтіп тұр, алайда бұл мерекені олар көпке дейін естен шығармасы анық. Балалықтың ең соңғы мерекесі.... Бұл мереке кішкене адамның ең маңызды кезеңдерінің бірінің аяқталғанын білдіреді. Тек осы жерде, балабақшада ол өз құрдастарымен араласуды үйренді, өзінің бірінші достарын тапты, мектепке қажет білім мен дағдыларды үйренді. Алда мектеп өмірі - мектеп қуаныштары, мектептегі достар, қоңыраудағы үзілістер, әліппе мен жазу дәптерлері. Әрине, біздің түлектердің ең - ең – ең үздіктер, көмекшілер, жасампаздар, зерттеушілер болғанын қалаймыз. «Мирас» бөбекжай- бақшасы қызметкерлерінің еңбектерінің марапат ретінде түлектеріміз бөбекжай - бақшадан білімнің ең алғашқы бастауын алған біздің қаламыздың рухани бай, жан дүниесі кең азаматтары болса екен. Жолдарың болсын, қымбатты түлектер! Мектеп өмірінде сендерге табыс пен ақ жол тілейміз!