28 Қар 2019 ж.
Ата-аналармен музыкалық ойын- сауық«Ақ толқын» және «Жұлдыз» ересектер топ тәрбиеленушілеріне 28 қараша күні ата-аналарының қатысуымен «Біздің кішкентай қуыршақ театры» атты ойын-сауық ұйымдастырылды. Ойын-сауықтың мақсаты ата-аналарды бірлескен музыкалық қызметке тарту, педагогтар, балалар мен ата-аналар арасында эмоционалды байланыс орнату болды. Ойын-сауықты бөбекжай-бақшаның саз жетекшісі С. В. Сильченко ұйымдастырды.