31 Мам 2022 ж.
Қош бол, балабақша!2022 жылдың 27-31 мамыр аралығында «Мирас» бөбекжай-бақшаның мектепалды даярлық топтарында «Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі өтті. Балабақшамен қоштасу -бұл барлық мерекелердің ішіндегі ең әсерлі, ұмытылмас кеш. Мерекелік шара «Ең керемет» атты ұранмен жүргізілді.
Мереке барысында балалар біліп үйренгендерін ортаға салып, өз өнерлерімен көрермендерді таң қалдырды. Кішкентай түлектерге сәттілік және жарқын болашақ тілейміз!