30 Қыр 2022 ж.
Ата-аналар жиналысы28-29 қыркүйекте «Мирас» бөбекжай-бақшасында барлық жас топтарында жаңа 2022-2023 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар назарына «Танысайық!», «Біздің топ», «Біз мектепке барамыз» т.б тақырыптарда презентациялар ұсынылды. Презентациялардан ата-аналар: балабақшаның оқу жылына арналған мақсаттары мен міндеттері, күнделікті жұмыс тәртібі, балабақшадағы ережелер және т.б. танысты. Сонымен қатар жаңа оқу жылының тәрбие жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері, балабақшаның міндеттері туралы білді.
Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде өтті, оның барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша толық ақпарат алуға мүмкіндік алды. Жиналыс барысында жайлы қарым- қатынас орнады.