30 Қыр 2022 ж.
Менің отбасымҚазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында «Менің отбасым» атты ана тілінде Республикалық шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру және шығармашылық жұмыстарға баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері Аққожа Ақназар мен Сафиназ отбасы «Көркем орындау шеберлігі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.