8 Нау 2023 ж.
8 наурыз8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Мирас» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 27 ақпан мен 7 наурыз аралығында барлық жас топтарында мерекелік шаралар өткізілді.
8 наурыз – Әйелдер күні. Сүйікті аналарын, әжелерін, әпкелерін құттықтауға асыға күтетін мереке.
Біздің ертеңгіліктер салтанатты, қуанышты көңіл - күйде, жарқын музыкалық қойылымдар түрінде өтті. Тосын сәттер балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтары болды. Мереке жылы, шынайы атмосферада өтті.
Барлығы керемет әсер алып, мереке жағымды эмоцияларға толы болды.