13 Қаз 2023 ж.
Ата-аналар жиналысыБөбекжай-бақшамызда барлық жас топтарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналарға бөбекжай-бақшаның тәртібі, күн тәртібі, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру туралы ақпарат берілді.
Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде өтті, жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша толық ақпарат алуға мүмкіндік алды. Ата-аналар бөбекжай-бақшаның жұмыс жүйесімен келісіп, отбасы мен педагогтар арасындағы жемісті ынтымақтастыққа үміт артты.