13 Қаз 2023 ж.
Қазақстан халықтарының тілдер күні«Мирас»” бөбекжай-бақшасында Тіл мерекесіне орай «Туған тілім-мақтанышым!» тақырыбында шара өткізілді. Тіл- татулық тірегі, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады дегендей осындай шаралар арқылы бүлдіршіндеріміздің тілге деген ықыласын тереңдетіп, құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру басты мақсатымыз. Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады” осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңірсек, ана тіліміздің алар асуы биік, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз!