Жаңалықтар
26 Сәу 2024 ж.
Ата-анамызбен бірге болған көңілді және керемет!
Спорттық ойын-сауық балалардың денсаулығына қамқорлық жасау мен көңіл көтеруді біріктірудің тамаша тәсілі. Біздің бөбекжай – бақшамызда біз әрқашан балалар, ата-аналар және педагогтар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасын құруға тырысамыз. Сол себепті кішкентай спортшыларымызды қолдау үшін ата-аналарды шақырып, «Ойнаудан жалықпаймыз» атты спорттық ойын-сауықты ұйымдастырдық. Ата-аналар мен балалар эстафеталық жарыстарға қатысып, кедергілерді бірге жеңіп, мақсатқа бірге жетті. Ата-анаммен бірге қызықты ойындар мен іс-шараларға толы тамаша уақытты керемет өткіздік.