ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Жаңалықтар

9 Қаз 2024 ж.

«TEACHER OF THE YEAR-2024» байқауы

«MIRAS» бөбекжай-бақшасында педагогтар арасында жыл сайын өтілетін «TEACHER OF THE YEAR-2024» байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл байқау «NNEF» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл байқау жай ғана шара емес, бұл шығармашылық, жаңашылдық және кәсіби шеберліктің мерекесі. Байқауға педагогтер қатысып, олардың әрқайсысы балалармен жұмыс жасаудағы озық тәжірибелерін, әзірлемелерін және әдістерін ұсынды.

       Байқау қорытындысы бойынша Сайфеденова Жұмагүл Мұқанқызы мен Аустниязова Асылзада Сериккалиевна «TEACHER OF THE YEAR» байқауының жеңіспаздары деп танылды! Бұл іс-шараға қатысқан әрбір педагог қазірдің өзінде жеңімпаз болып табылады, өйткені ол өз ісіне деген адалдығын, балаларға деген сүйіспеншілігін және кәсіби өсуге деген ұмтылысын көрсетеді. Байқаудың барлық жеңімпаздары мен финалистерін құттықтаймыз!