25 Апр 2025 г.
«BabySkills Atyrau-2025»2025 жылдың 24 сәуір күні «BabySkills Atyrau-2025» облыстық чемпионаты өтті. Бұл сайыс қалалық кезеңнің жарқын жалғасына айналып, өңірдің ең талантты мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерін біріктірді.
«Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» құзыреттілігі бойынша «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Қуанышкерей Алсу жоғары дайындық деңгейін, шығармашылығын және мамандыққа деген шынайы ықыласын көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Алсу жүлделі І орынды жеңіп алды!
Алсуды және оның тәрбиешісі Хаджиева Миргуль Муратовнаны шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге, шабытқа толы жеңістер тілейміз!