Ата-аналарға
Балабақшаға қабылдау ережесі
Тәрбиеленушілерді балабақшаға қабылдау «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік даму департаментінің жолдамасы бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарда бос орындар бар болған жағдайда жыл бойына жүзеге асырылады.
Балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар:
· Балабақшаға «Теңізшевройл» компаниясымен берілген жолдама
· Ата-ананың біреуінің -ТШО қызметкерінің төлқұжаты немесе жеке куәлігі(көшірме)
· Ата-анасының(қамқоршысының) қолы қойылған балабақшаға қабылдау туралы арызы
· Баланың фотосуреті(3х4) – 2 дана
· Медициналық картасы(түпнұсқасы)
Жас ерекшелігіне сәйкес топтарға қабылдау үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде баланың жасы
· бірінші сәбилер тобына– 2 жасқа;
· екінші сәбилер тобына – 3 жасқа;
· ортаңғы топқа – 4 жасқа ;
· ересек топқа – 5 жасқа толуы керек.
Атырау қаласы «Мирас» балабақшасына тәрбиеленушілерді қабылдау тәртіптері балабақшаға қабылдау туралы ережеде егжей-тегжейлі көрсетілген.